Психологиялық тест. Көзіңізге не түсті, немесе сіз кімсіз?

Адамның ішкі жан-дүниесі қандай екенін анықтап беретін психогеометрия әдістемесін АҚШ-тың психолог дәрігері Сьюзен Деллингер ойлап тапқан. Рас, бұған дейін де адам баласының түрлі санды жақсы көруі не болмаса түрлі түсті түрді ұнатуына байланысты оның мінез-құлқын анықтап беретін әдістемелер дүниеге келген.

Ал Сьюзен Деллингердің әдісі сәл өзгешелеу. Ол геометриялық бес түрлі бұрыштарды алға тарта отырып, адамның өмірде қандай екенін дәл анықтайды.

Мәселен,

төртбұрышты (квадрат) жақсы көретін жан өмірде өте алғыр, дегеніне жетпейтін қайратты болып келеді екен.

Сондай-ақ олар сараптама жасауда, түрлі бастама көтеруде алдына адам салмайды. Логикасы да керемет. Өте ұқыпты. Уақытпен жүріп тұрады. Олардан өте мықты, ақылды, жігерлі басшы не болмаса айтқанды бұлжытпай орындайтын еңбекқор жан шығады. Бір кемшілігі, «мен не айтсам болды, сол орындалуы тиіс, менікі заңды» деген ойы. Тәртіп олар үшін басты қағида. Ал өз дегені жүзеге аспаса, қолды бір сілтеп, теріс бұрылып кететін қызба әдеті де бар.

Ал үшбұрышты жанына жақын тұтатын адам, бірбеткей, тура айтатын жандар. Олардың көбі өз ортасында үстемдік жүргізуге құрмар.

Үш бұрышты ұнататындардың арасынан көптеген белгілі тұлғалар шыққан. Мәселен, Наполеон, Бисмарк, Гитлер, Муссолони, Гете, Байрон т.б. Олар кез-келген дүниені бір деммен шешіп тастауға тырысатын, үнемі күш-жігері тасып жүретіндер. Сондай-ақ оларға тән тағы бір жақсы қасиет – кез-келген ортада кездескен жанмен ортақ тіл тез табысып кететіні. Содан болар, олардың арасында саясаткерлер, бизнесмендер, менеджерлер көп. Өкінішке қарай, кемшілік олардың да бойынан табылады. Мәселен, көзді жұмып тәуекелге жиі барады. Оның бәрі жетістікке жетелей бермейтіні белгілі. Өздері жіберген кемшілікті, қателікті мойындамайтындығы тағы бар. Сонысына қарамай, олар өте танымал тұлғаға тез айнала алады.

Ал тік бұрышты жақсы көретін адамдар, ғұмырында үнемі дағдарысқа түсіп, жүнжіп жүретіндер көрінеді. Олар жасаған тірліктің көбі кері кетіп, адам үнемі күйреу үстінде болады.

Тікбұрыштықтар алға нақты мақсат қойғанан гөрі, өзгенің сілтегенімен қозғалғанды жақсы көреді. Көңіл-күйлері де үнемі әрі-сәрі болмақ. Нақты шешім қабылдауға құлықсыз, жалтақ, өзіне сенімсіз жандар. Алайда олар көп оқитын, көп ізденетіндердің қатарына жатады.

Шеңберді жақсы көретіндер, құндылықтарды сүйетін, барды бағалайтын, тұлғаларды дәріптейтін, олармен араласқанды ұнататын жандар. Өмірге пәк сенімен қарап, кез-келген жанжалдың бейбіт бітіммен бітуін қалайтын және бітімгершілік рөлін де табылатын адамдар.

Олар үшін өздері өмір сүрген ортаның пікірі құнды. Сонымен санасуға бар. Жақсы дос, сенімді серік болуға лайықтылар. Бірақ, олардың көбі, кесіп ештеңе айта алмайтын, түйткілді мәселелер шешуге келгенде тайсақтап қалатындардың қатарынан. Тағы бір кемшілігі «жоқ» дегенді айта алмай, үнемі бас изеп, берген уәдесін орындай алама жоқ па, соған қарамастан келісім беретіндігі.

Өмірде иректі (зигзаг) ұнатындар аз екені белгілі. Жалпы иректің өзі туралықтан қашатын, өтірікке бейім, нақты көзқарасы қалыптаспаған жандардың ішкі жан-дүниесін береді екен.

Бірақ олардың да арасында аратұра керемет ойлардың, маңызды бастамалрдың иелері шығып отырады екен. Мәселен, Эйнштейн, Сахров, Бетховен, Ван Гог т.б. Олардың көбі айтқысы келгендерін сөзбен емес, оймен, образбен білдіруге тырысатындар. Олардың қай-қайсы да өз ойымен өзі оңаша қалып, тәуелсіз болғанды, саяқ жүргенді ұнатады.

АҚШ-тың психолог дәрігері Сьюзен Деллингер ойлап тапқан бұл тәсіл қаншалықты адам жанының ішкі қырын ашып бере алады, ол жағы бізге белгісіз. Бірақ психологтың айтуынша, қазір АҚШ-та адамдардың мінез-құлқын анықтау үшін көптеген құзырлы орындар осы тәсілді қолдануға көшкен екен.

# #
Материалы не найдены или отсутствуют.